Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен көлікте екі адам болған
Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен Niva көлігінде екі ер адамның болғаны анықталған. Олардың екеуі де көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
14:39 18.10.2023
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 17 қазанда учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағыт алған автокөлік ізі барын хабарлаған.
«Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. Көліктің салонында екі ер адамның болғаны анықталды. Олар мерт болған. Оның бірі 1971, екіншісі 1981 жылы туған. Марқұмдарда дене жарақаты анықталған жоқ», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері бейнекамералардың жазбасына тексеру жүргізген. Бейнекамераға 16 қазанда түнгі сағат 23:18 шамасында аталған көліктің жоғары жылдамдықпен Жайық өзеніне батқаны туралы видео түскені анықталған.
Қазір полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Мүрделерге сот медициналық сараптамасы тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!