{metadescription}
Таразда қыз алып қашқан 2 жігіт сотталды

Таразда қыз алып қашқан 2 жігіт сотталды

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылдың көктемінде «Ж» есімді азамат ортақ таныстары арқылы «А» есімді қызбен танысқан.

Бірнеше кездесуден кейін, қыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастырудан бас тартқан. Алайда «Ж» есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашуға шешім қабылдаған.

2023 жылдың ақпан айында Таразға келіп, «Ж» есімді азамат досымен бірге өз жоспарын жүзеге асыруға кірісіп, қызды алдап, көлікке күшпен отырғызып, қаладан алып кетуге тырысқан.

Көршілер қыздың көмекке шақырғанын естіп, полиция шақырған. Полиция жедел әрекет етіп, күдіктілерді ұстады.

2023 жылдың 21 қыркүйегі күні Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімімен екеуі де – қызға үйленуге ниетті жігіт пен оның досы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Ұрлау, оның ішінде қыз алып қашу адам құқықтарын және бостандық пен теңдіктің негізгі принциптерін бұзу болып табылатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты прокуратура адам ұрлаудың нақты бас бостандығынан айырумен жазаланатын ауыр қылмыс екенін ескертеді», - делінген Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде