Таразда қыз алып қашпақ болған жігіттер сотталды
Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қыз алып қашқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Kazinform.
08:06 19.10.2023
Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылдың көктемінде Ж. есімді азамат ортақ таныстары арқылы А. есімді қызбен танысқан. Бірнеше кездесуден кейін, қыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастырудан бас тартқан. Алайда соған қарамастан, Ж. есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашу туралы шешім қабылдаған.
2023 жылдың ақпан айында Таразға келіп, Ж. есімді азамат пен досы бірге өз жоспарын жүзеге асыруға кірісіп, қызды алдап, көлікке күшпен отырғызып, қаладан алып кетуге тырысқан.
Көршілер қыздың көмекке шақырғанын естіп, полиция қызметкерлеріне жүгінген.
«Полиция жедел әрекет етіп, күдіктілердің көлігін ұстады. 21 қыркүйек күні Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімімен екеуі де – қызға үйленуге ниетті жігіт пен оның досы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!