{metadescription}
Бүгін бірқатар аймақтарда жаңбыр жауып, жел күшейеді

Бүгін бірқатар аймақтарда жаңбыр жауып, жел күшейеді

Қазгидромет ел аумағында 19 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.  

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінің ауа райын әлі де кең ауқымды антициклон анықтайтын болады. Соған байланысты ашық, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек оңтүстік-батыста, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде елдің оңтүстігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте жел күшейеді.

ҚР бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады", - делінген Қазгидромет ақпаратында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде