{metadescription}
«Мефедрон» жасырған — СҚО-да колледждің екі студенті ұсталды

«Мефедрон» жасырған — СҚО-да колледждің екі студенті ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында 18 және 21 жастағы екі жігіт оңай олжаға кенелемін деп есірткіні арнайы жерге жасырумен айналысқан. Күдіктілер интернет дүкенде бір ай істер-істеместен ұсталды, енді 15 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер - облыс аудандарының тұрғындары. Жігіттердің екеуі де жақсы отбасында өскен, спортпен шұғылданып, колледжде білім алған. Жасы кішісінің спорттық жетістіктері де бар.

Шілде айында жігіттерді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі жасырып жүрген жерінде ұстады. Олардың біреуінен белгісіз заты бар 21 түйіншек тәркіленді. Екінші жігіт көрсеткен жерден тағы 2 түйіншек табылды. Сараптама оның жалпы салмағы 19,81 грамм болатын «мефедрон» екенін көрсетті. Бұл ең қауіпті синтетикалық есірткілердің бірі. Ұсталғандардың айтуларынша, олар осындай жолмен мол ақша таппақ болған.

"Күдіктілердің бірі есірткі сататын интернет-дүкенде бір айға жетер-жетпес уақыт қана жұмыс істеп үлгерген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді", - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Жастардың осындай қылмыстық «бизнеске» түсіп қалуының алдын алу мақсатында қазір полицейлер профилактикалық жұмыстарды арттырды. Петропавлдағы мектептердің бірінде жуырда өткен кездесуде СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов жеңіл ақша таппақ болған жастардың интернет-дүкендерде тек 2-3 ай ғана істеп үлгеретінін айтты. Өйткені оларды полиция қызметкерлері қолға түсіреді. Десе де есірткі сатушылар оңай жолмен ақша табуға дайын адамдарды әлеуметтік желілер арқылы іздеп, табады екен.

СҚО полицейлері 9 айдың ішінде есірткі заттарын жасырудың 84 фактісін тіркеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.