{metadescription}
Петропавлда кәріз коллекторы жарылып, ағынды су үйлерге кірді

Петропавлда кәріз коллекторы жарылып, ағынды су үйлерге кірді

Петропавлда негізгі кәріз коллекторларының бірі жарылып, ағынды су жақын маңдағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріне кірді. Қазіргі уақытта апат орнында екі бригада жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Петропавлда коммуналдық апат кеше, 18 қазан күні Абай және Әуезов көшелерінің қиылысында болды. Салдарынан Абай көшесін су басты, аққан су жақын маңдағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріне де кірді.

«Қызылжар Су» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына бірден 4 бригада жіберіліп, салдарын жоюға кірісті. Мамандардың айтуынша, диаметрі 800 мм негізгі кәріз коллекторларының бірі жарылған. Алдын ала болжам бойынша, құбырдың әбден тозығы жеткен.

Қазіргі уақытта оқиға орнында екі бригада жұмыс істеп жатыр. Олар құбырдың жарылуына не себеп болғанын анықтап, қалыпқа келтірмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде