{metadescription}
Шетелдіктерді құлдықта ұстаған: Шымкенттегі кірпіш зауытының қожайындары ұсталды

Шетелдіктерді құлдықта ұстаған: Шымкенттегі кірпіш зауытының қожайындары ұсталды

Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы заңсыз еңбекке тартты деген күдікпен екі кірпіш зауытының қожайынын ұстады, деп хабарлайды Kazinform

14 қазан күні Алматы қаласы полиция департаментінің «102» арнасына Ақтөбе қаласының тұрғынынан арыз түскен. Онда Өзбекстан азаматы еңбек құлдығынан қашып құтылып, Алматыдағы әпкесінің жанына келгенін айтқан. Бұған дейін оны Шымкенттегі кірпіш зауытының қожайындары «физикалық күш көрсетемін» деп қорқытып ұстап келгенін жеткізген. Алайда белгісіз біреулер қайтадан інісінің ізіне түсіп, қара түсті BMW көлігімен ұрлап кеткені жөнінде шағымданған.

Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Алматы және Шымкент қалаларының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлескен арнайы жедел іс-шаралар жүргізіп, күдікті ретінде үш ер адамды ұстады. Олар кірпіш зауыттарының иелері, екеуі ағайынды болып шықты.

Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде жедел уәкілдер екі зауыттың аумағынан 60-тан астам шетелдікті тапты. Олар көрші Өзбекстаннан келген.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шетелдіктер зауытқа жұмысқа шақырылғаны анықталды. Содан кейін олардың құжаттарын тартып алып, жалақы берілмегені және үнемі физикалық зорлық-зомбылық көрсетеміз деп корқытып ұстағаны белгілі болды» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бүгін де 25 шетелдік жұмысшы «Сана-сезім» қоғамдық бірлестігінің қамқорлығына алынса, 30-дан астам азамат жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.

«Полицияға күдіктілерге қатысты шетелдік азаматтардан үш ресми арыз түсті. Күдіктілер қамауда. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: 126 «Бас бостандығынан заңсыз айыру» және 389 «Өзінше билік ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды» - делінген ведомство тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.