{metadescription}
«Ғылым және техникалық саясат» туралы заң жобасы Мәжіліске енгізіледі

«Ғылым және техникалық саясат» туралы заң жобасы Мәжіліске енгізіледі

Мәжіліс С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Аграрлық ғылым – ауыл шаруашылығы өндірісі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

«Алдымызда тұрған бірден-бір мақсат – Қазақстан Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 69-тармағына сәйкес, «Әділетті Қазақстан», «Кадр және мониторинг» деген тақырыптарда министрлікке «Ғылым және техникалық саясат» туралы заң жобасын әзірлеу тапсырылған. Соның аясында біз дайындық жұмыстарын аяқтауға жақынбыз. Жақын арада Президент Әкімшілігі деңгейінде талқылау өткеннен кейін Мәжіліс депутаттарының қарауына ұсынамыз. Осы заң жобасы аясында жаңа құралдар мен тетіктерді ескеріп, аграрлық, жалпы ғылым саласына қажетті шешімдерді қабылдаймыз деп ойлаймын», – деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки іс-шара барысында.

Сонымен қатар спикер Ғылым және жоғары білім министрлігі өткен аптада «Жас ғалым» конкурсы жарияланғанын атап өтті.

«Осы аптада гранттық қаржыландыру жобасына қатысты конкурстық ақпарат таратамыз. Соған орай өздеріңіз жаңа жобалар ұсынады деп үміттенеміз», – деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде