{metadescription}
Елімізде 27 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істейді

Елімізде 27 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істейді

Бүгін азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 28 жыл толды.

Құтқарушылар күні төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға тікелей қатысатындарды біріктіретін жалпыхалықтық күнге айналды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтып берді, деп хабарлайды Kazinform

«Осы уақыт аралығында біздің ведомство жаңа сын мен қауіп-қатерлерге нық тұрып келді. Адамдарды қорғау және құтқару ісінде айтарлықтай баға жетпес тәжірибе жинадық. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алуға мүмкіндік беретін бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, су тасқынына қарсы Көксарай және Астана қарсы реттегіштері, Алматы облысының Талғар, Қарғалы өзендерінде селді ұстап тұратын бөгеттер салынды. Ақсай, Аюсай, Қорғас өзендерінде 4 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Оларды 2025 жылы аяқтау жоспарланған», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ 1,5 мыңға жуық өрт-құтқару автотехникасы сатып алынып, 30-дан астам өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды.

«Қазір азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Біздің өрт сөндірушілер, күн сайын өрттен адам өмірін сақтау арқылы адамдарды құтқару ісіне, үлкен үлес қосып жатыр. Жедел-құтқару жасақтарына келсек, олар ел аумағында ғана емес, одан тыс жерлерде де авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізеді. Кинологиялық бөлімшелер мен біздің қызметтік иттер жоғалған туристер мен адамдарды іздеуге қатысады», - дейді С.Шәріпханов.

Қазақстандық құтқарушылар Түркия мен Ауғанстандағы ауқымды жер сілкінісі салдарын жоюға қатысты. Одан бұрын 1990 жылы Зайсанда, 2003 жылы Жамбыл облысының Луговой станциясындағы жер сілкіністері, Қызылорда және Қарағанды облыстарындағы зымыран апаттарының, Арыс қаласы мен Жамбыл облысындағы оқ жарылыстарының, Мақтаарал ауданындағы су тасқынының, Риддер қаласы, Қостанай және Абай облыстарында болған орман өртін сөндіруге қатысқан.

28 жыл ішінде құтқарушылар төтенше жағдайлар мен өртті жоюға 1,5 миллион рет барған. Олардың кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 400 мыңнан астам адам құтқарылды, 380 мыңға жуық адам ТЖ түрлі аймақтарынан эвакуацияланды, 70 мыңнан астам азаматқа медициналық көмек көрсетілді.

Биылғы 9 айда 9 мыңға жуық адам құтқарылды. ТЖ аймағынан 9 мыңнан астам адам эвакуацияланды, зардап шеккендерге 3,5 мыңнан астам алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде