{metadescription}
Айбек Көпенов Ақтөбе облысы Байғанин ауданына әкім болды

Айбек Көпенов Ақтөбе облысы Байғанин ауданына әкім болды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімі қызметіне Айбек Көпенов тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін Байғанин ауданында мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров аудан басшысы лауазымына Айбек Көпеновтің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бұл ұсынысты қолдап, бірауыздан келісім берді.

Айбек Көпенов 1985 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2007 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтын, 2020 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе облысының балалар құқығын қорғау департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

2009 – 2021 жылдары Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 

2021 – 2022 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болды.

2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі лауазымын орындады. 

"Артылған жауапкершіліктің салмағын сезініп отырмын. Осыған дейін жинаған азды-көпті тәжірибем, біліктілігім бар. Депутаттардың, елдің қойып отырған талап-тілектерін орындау үшін бірігіп жұмыс істеуге уәде беремін. Байғанин – тарихи, киелі орын. Бірге жұмыс істеп, ортақ міндетке жетем деген сенімдемін", - деді жаңа тағайындалған Айбек Көпенов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.