«Қазақстан» шахтасында өрт екі айдан бері сөндіріліп жатыр – Министр түсінік берді
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрт шыққан «Қазақстан» шахтасындағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Кazinform.
Фото: freepik.com
14:56 19.10.2023
«Шахталардағы өртті сөндіру – ерекше процесс. Ондағы өрт конвейер таспасының өртенуінен туындаған, от жалыны тау жыныстарының қабаттарына өтіп кеткен. Мұндай өрттерді сөндіру олардың тұйықталуы мен оттегіні шектеу арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты арнайы гипс ерітіндісінен жасалған кедергілер орнатылып жатыр. Олардың қалыңдығы 1-3 метрге дейін жетеді», – деді Сырым Шәріпханов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Айтуынша, бұл кедергілер жарылыстардан да қорғауы керек.
«Сондықтан шахтада осындай 25 бөгет салынды. Онда температура мен газдың деңгейін өлшеу үшін арнайы люктер жасалады. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жалғасуда. Осылайша өртті сөндіру ұзақ уақытты алады. Ол бір айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан қазір күту керек. Мысал келтірер болсам, жақында бөгеттердің бірі тексерілді, онда температура жоғары болып, түтін байқалған, сондықтан әлі де күту қажет», – деп атап өтті министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!