{metadescription}
Биыл елімізде қанша астық жиналады – АШМ болжамы

Биыл елімізде қанша астық жиналады – АШМ болжамы

Елімізде астық жинау маусымы аяқталуға жақын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform

«Солтүстік Қазақстан облысы дәнді дақылдарды жинауды аяқтады. Қостанай және Ақмола облыстары, яғни негізгі астық егетін өңірлерде егіннің 90%-ы жиналды», - деді Азат Сұлтанов KazAgro-2023 халықаралық көрмесі барысында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазанда егін жинау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

«Біз бұған дейін нақтыланған болжам жасағанбыз. Сол бойынша биыл 15,6 млн тонна астық жиналмақ. Болжам әзірге расталып отыр. Өткен жылдан қалған астықты ескере отырып, ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз етуге жеткілікті. Бұл дегеніміз ұн, макарон және нан. Әлеуметтік нанның бағасы арнайы субсидиялау бағдарламасы арқылы реттеледі, сондықтан тұтынушылар уайымдамасын», - дейді министрдің орынбасары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде