Алматылық бойжеткен желіде қазақ тілін «мәмбеттер тілі» деп атаған
Алматылық бойжеткеннің қазақ және қырғыз тілдерін жамандап сөйлеген видеосы желіге тарады, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
17:32 19.10.2023
Желіде тікелей эфирге шыққан бойжеткен оған қазақ тілінің ұнамайтынын айтқан.
«Маған қазақ тілі өте ұнамайды. Шынын айтқанда ол «мәмбеттердің» тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр, салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды, қазақ пен қырғыздың тілі «мәмбеттердің» тілі», - деді бойжеткен желіде.
Видеодағы жазбада бойжеткеннің тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.
Алматы қалалық полиция департаментінде аталған дерек ҚР ҚР-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«ҚР заңнамасына сәкес шаралар қабылданатын болады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!