Израиль әскері Ливандағы «Хезболлах» нысандарына тағы шабуыл жасады
Израиль әскері Ливан тарапынан жасалған атысқа жауап ретінде Ливандағы шейіттік «Хезболлах» ұйымы нысандарына, оның ішінде бірнеше бақылау постына соққы жасады. Бұл туралы әскердің баспасөз қызметі мәлімдеді. Kazinform бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Midjourney
08:56 20.10.2023
«Хезболлахтың» танкіге қарсы зымырандармен шекара маңына бір күн бойы жасаған шабуылына жауап ретінде Израиль Қорғаныс әскері «Хезболлах» инфрақұрылымына, оның ішінде бақылау посттарына соққы жасады. Сонымен қатар Израиль Қорғаныс әскері истребительдері Израильге танкіге қарсы зымырандарды ұшырмақ болған үш лаңкеске соққы жасады», - деді әскерилер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!