{metadescription}
Біржан Көшербаев Петропавл әкімінің орынбасары болды

Біржан Көшербаев Петропавл әкімінің орынбасары болды

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болып Біржан Көшербаев тағайындалды. Ол құрылыс және жедел мәселелерге жауап беретін болады, деп хабарлайды Kazinform.

Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Біржан Сайлауұлы 1994 жылы 7 қаңтарда СҚО Аққайың ауданы Рублевка ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Мәскеу қаласында Ұлттық бизнес институтын бiтiрген.

Еңбек жолын 2013 жылы СҚО бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде заңгер көмекшісі қызметінен бастаған.

2016-2018 жылдары — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ бас маман;

2018-2019 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң техникалық реттеу және нормалау басқармасының сарапшысы;

2019-2021 жылдары — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ бөлiм басшысы;

Осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Бұған дейін Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болған Әділбек Әубәкіров 4 қазан күні өз еркімен қызметінен кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде