Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен балалы келіншек үйіне оралды
Көкшетауда полицейлер мен еріктілер баласымен қоса жоғалып кеткен әйелді іздестірді.
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті
14:26 20.10.2023
Ақмола облыстық полиция департаменті әйел үйіне оралғанын мәлімдеді. 19 қазан күні полицияға 39 жастағы ер адамнан арыз түскен. Ол әйелі Ирина Кондратова жоғалып кеткенін хабарлаған. Оның айтуынша, 17 қазан күні кешке әйел кішкентай ұлымен үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен, сол күннен бері одан еш хабар-ошар болмаған.
Дереккөз: Zakon.kz.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!