Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 20 қазан күні сағат 13:34-те жер сілкінісін тіркеді.
Фото: Іnform.kz
14:31 20.10.2023
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 176 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2. Магнитудасы MPV 4.9.
Жер сілкінісінің координаттары - 43,07° c.e. 74,77° ш.б. Тереңдігі – 20 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!