12 қазақстандық қарызының көптігінен суицид жасаған
Несиесін төлей алмаған қазақстандықтар өз-өзіне қол салып, түрлі қылмыстар жасауға мәжбүр болуда.
Фото: polisia.kz
14:52 20.10.2023
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Парламентте айтты, деп хабарлайды Kazinform. Айтуынша, тым көп несие алу және оны төлей алмаудың кесірінен қарыз алушылардың өзін-өзі өлтіруі ғана емес, қылмысқа бару фактілері де орын алуда.
«Биыл несие алған 12 азамат өз-өзіне қол салды. Несие өтеу үшін қажетті ақшаны «табу» мақсатында тым көп несие алған басқа 40 азамат тонау, қарақшылық және ұрлық секілді түрлі қылмыстар жасаған», - деді Игорь Лепеха бүгінгі парламенттік тыңдауда.
Бүгін Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржы сауаттылығын арттыру» тақырыбында Парламент тыңдауы өтті. Бұған дейін Игорь Лепеха киберқылмысқа қарсы тұру үшін барлық өңірлерде «CyberPol» мамандандырылған жедел тергеу топтары құрылғанын, жәбірленушілерге «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетілетінін айтқан еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!