Еңбекке қабілеттіліктен және асыраушыдан айырылғанда берілетін әлеуметтік төлем көбейеді
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлем мөлшері артады.
Фото: egov.kz
15:05 20.10.2023
Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген. Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!