Атырау тұрғыны 96 келі бекіре балығымен ұсталды
Атырау тұрғынынан 96,3 келі бекіре тұқымдас бағалы балық тәркіленді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Атырау облыстық ПД
08:38 27.10.2023
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
«Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 17 қазан күні бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сатып, тасымалдады деген күдікпен 48 жастағы тұрғынды ұстады. Тексеру кезінде оның Дамбы ауылында тұратыны анықталды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 96,3 келіні құрайтын 27 бекіре тұқымдас балық тәркіленді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!