Ақтау-Жаңаөзен тасжолындағы жол апатынан бір адам мерт болды
Ақтау-Жаңаөзен тасжолында төрт автокөлік соқтығысып, бір жолаушы қаза тапты. Апатқа айыпты адам бес жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: Kazinform
10:05 27.10.2023
Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы кеше 14:00 шамасында Ақтау-Жаңаөзен тасжолының 43 шақырымында болды.
«КамАЗ», Volkswagen Sharan, Lada және «ГАЗ 330253» маркалы төрт көлік соқтығысқан.
- Жол апаты салдарынан Lada маркалы автокөліктің 49 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Жараланған төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп түсіндірді мекеменің баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері бұл оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелгенін атап өтті. Тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу кезінде жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!