{metadescription}
Қырық киіктің етін тиеген көлік: мал өнімдерін тасымалдау ережесі бұзылған

Қырық киіктің етін тиеген көлік: мал өнімдерін тасымалдау ережесі бұзылған

Әлеуметтік желіде көлікке тиелген қырық киіктің етін тасымалдау дерегіне байланысты полиция әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазанның 23-інде полиция қызметкерлері “Астана-Қорғалжын” автожолында 40 киіктің еті тиелген “Jac” көлігін тоқтатқан.

Тексеріс барысында жүргізушінің Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында орналасқан "Астана Агропродукт" ет комбинатынан екені анықталды.

- Тасымалдаушы жүкқұжаттардың түпнұсқаларын және "Охотзоопром бойынша" РМҚК мен "Астана Агропродукт" ЖШС арасында жасалған тауарды өткізу/жеткізу шартының электрондық көшірмесін ұсынды. Сондай-ақ, Ақмола облысының аумағында киіктердің популяциясын реттеу туралы № 688 Үкімет қаулысы да бары анықталды, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, киіктің етін тасымалдау дерегі Целиноград аудандық полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген.

- Тексеру материалдары ҚР ӘҚБтК 406-бабына сәйкес мал өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ветеринариялық инспекцияға жіберілді, - деп толықтырды ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде