{metadescription}
Google бір түнде Disney құнына парапар шығынға ұшырады

Google бір түнде Disney құнына парапар шығынға ұшырады

Google-дың бас компаниясы Alphabet кірісі туралы есеп бергені сол еді, оның акциялары бірден 9,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Кazinform.

Dow Jones келтірген мәліметке сүйенсек, Alphabet Inc акцияларының ауқымды сатылымы бір түнде 166 миллиард доллардан (157 миллиард еуро) астам шығын әкелді.

Бұл Nike (157,58 млрд. доллар) немесе Disney-дің (147,46 млрд. доллар) бүкіл капиталынан артық шығын.

Бұл америкалық алпауыт компания үшін есеп жүргізу тарихындағы бір күн ішіндегі бесінші ең жоғары рекордтық төмендеу. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде