Бензин бағасының өсуінде ешқандай алыпсатарлық фактор жоқ - Энергетика министрлігі
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин мен дизель отынының бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Кazinform.
Фото: pixabay.com
15:41 27.10.2023
"Баға белгілеу кезінде біз екі факторға сүйенеміз: сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Осыған байланысты жағдай теңдестірілген. Қазақстанда бензин өндірісінің барлық қажетті көлемі толық көлемде өндіріледі. Яғни, бұл АИ-95 пен АИ-92. Өндірісті ескергенде біз ішкі тұтынуды толығымен жабамыз және ішкі нарықты қамтамасыз етеміз. Бензин бағасының өсуіне ешқандай алыпсатарлық фактор жоқ. Сонымен қатар, бір ай бойы Атырау МӨЗ жөндеуден өтті. Қазір іске қосу операциялары басталды. 2 қараша күні Атырау МӨЗ іске қосылады. Мұнай өнімдерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде жағдай одан да тұрақты әрі сенімді болады", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның атап өтуінше, дизель отынына қатысты ахуал тұрақты.
"Бұл дизель отынына да қатысты. Сонымен қатар, біз ішкі нарықта дизель отынының профицитін болжаймыз. Екінші аспект мемлекеттік реттеумен байланысты. Мұнай өнімдерінің реттелетін түрлері бар. Олар қатаң бақылауға ие- шекті бағадан жоғары, баға өспейді. Бірақ реттелмеген баға да бар. Онда бағаны анықтайтын фактор ішкі өнімдер мен іргелес мемлекеттерден импортталатын арақатынас болады. Егер импорт көлемі жоғары болса, мұнай өнімдерінің бағасы тиісінше жоғары болады", - деді Энергетика министрі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!