{metadescription}
Ақмола облысында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

Ақмола облысында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың өкімімен бірқатар басқармалардың басшылары тағайындалды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысының өкімімен Ербол Амангелдіұлы Оспанов Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ербол Амангелдіұлы еңбек жолын 2011 жылы Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастаған.

2015-2022 жылдары басшының орынбасары содан кейін Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Сонымен бірге, Алмагүл Қайырлықызы Шүгірмақова Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол еңбек жолын 2004 жылы Ақмола облысының экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының жетекші маманы болып бастаған. Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Бұдан бөлек, Андрей Иванович Подгурский Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол еңбек жолын «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі болып бастады. Әр жылдары әртүрлі басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде