Топардағы сібір жарасы: Екінші науқастың жағдайы күрт нашарлады
Қарағанды облысында сібір жарасы диагнозы расталған тағы бір науқастың жағдайы нашарлады.
Фото: Pexels
18:42 27.10.2023
Ол реанимация бөліміне ауыстырылды. Науқаста тері-қабыну синдромы өршіп тұр, деп хабарлайды Kazinform.
«Бүгінгі таңда сібір жарасы диагнозы расталған екі науқас ем алып жатыр. 62 жастағы пациентте түйнеменің терідегі түрі тіркелген. Тері-қабыну синдромының күшеюіне және ісіну көлемінің ұлғаюына байланысты реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Екінші науқас 41 жаста, инфекция орталығының нейробокс бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Толық көлемде ем алып жатыр», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!