{metadescription}

«Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ-ның КТК акцияларының 1 пайызы бойынша сот шешіміне қатысты ресми ұстанымы

Бүгін Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұрын «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына тиесілі болған 1 пайыз акцияларды «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ-на сыйға тарту жөніндегі шартты жарамсыз деп таныды. Бұл мәміле жасалғаннан кейін 8 жыл өткенде болып отыр.    

Мәселенің мәнісі мынада: 2013 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының алдына ішіне бағалы қағаздар да кіретін бейінді емес активтерден құтылу міндеті қойылды. Қазақстан Премьер-Министрінің нұсқауына сәйкес, компания өзінің КТК телеарнасындағы 1,0772 пайыз акциясын сатып, оның орындалуы жөнінде есеп беруі тиіс еді.

Алайда бағалы қағаздардың мұндай мардымсыз мөлшеріне ешкім қызығушылық таныта қоймады. Сатуға арналған конкурс өтпеді, сатып алушылар да табылмады. Осыдан кейін талапты орындауға тиіс «Маңғыстаумұнайгаз» бейінді емес акцияларды акционерлік қоғамның өзіне сыйға тарту арқылы активтен құтылуды көздейтін шешім қабылдайды. Үкіметтің тапсырмасы осылай орындалды. Мұнай-газ алпауыты тапсырманың ойдағыдай орындалғаны жөнінде есеп берді.

Ал қадағалау органы сол мәміле туралы енді ғана білгенін мәлімдеп,  акцияларды қайтарғысы келеді. Бұл ретте барлық ықтимал салдарын – шығындар мен сот шығындарын мәмілені «байқамаған» құзырлы орындарға емес, акцияларды өз бастамасымен сыйға тартқан «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына емес, бір кездері бейінді емес актив мәселесін шешіп, ашығын айтқанда, ірі мұнай-газ компаниясын «құтқарған» телеарна мен оның акционеріне жүктейді. Акциялар саны өте аз болғандықтан, акционер үшін пәлендей қызығушылық тудырмаса да осылай жасалып отыр.

Сот отырысында сегіз жыл бұрынғы құқықтық жағдаяттар, сондай-ақ жеке бизнестің құқығы да ескерілмеді: 2015 жылы акцияларды сату рәсімі қандай да бір заң бұзушылықпен жүргізілгенін айғақтайтын ешқандай дәлел жоқ. Бәрі акционерлік қоғамдар туралы заңнама мен құқықтық мемлекеттің нормалары негізінде жүзеге асырылды. Талап қою мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. КТК телеарнасы бұл туралы істі сот талқылауына дайындау сатысында жариялады. Бірақ сот бұған назар аудармады.

Сондай-ақ процесс барысында КТК телеарнасы даулы мәміленің заңдылығын бағалау үшін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мамандарын тартуды сұрады. Бірақ сот бұл іске мекеменің мамандарын тартуды қажет деп таппады. Осыдан кейін КТК арнасының заң қызметі түсініктеме алу үшін Мемлекеттік мүлік комитетіне өзі жүгінді. Уәкілетті органның жауабы анық та айқын: КТК акциялары мемлекеттік меншік болып табылмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы Заңының» нормалары оларға қолданылмайды. Комитеттің пікірінше, акционерлік қоғамдар жарғыны, ішкі құжаттарды және директорлар кеңесінің немесе атқарушы органның шешімдерін басшылыққа ала отырып, акциялар пакеттерін қоса алғанда, өз мүлкіне дербес иелік етеді, сатады немесе сыйға тартады.  КТК телеарнасы талап-арызбен келіспейтінін білдіргенде бұл жөнінде мәлімдеген. Бірақ ол ескерусіз қалды.

Бүгінгі сот шешімі бірқатар БАҚ-та бұрмаланған ақпарат ретінде көрініс тапты. Кейбір тақырыптарда «Нұрсұлтан Назарбаевтан КТК телеарнасы акцияларының бір бөлігі алынады» немесе «Сот Назарбаевты КТК акцияларының бір бөлігінен айырды» немесе «Нұрсұлтан Назарбаевтан КТК акцияларының бір бөлігі тартып алынады» деп жазылған.

Әріптестерімізге Нұрсұлтан Назарбаевтың коммерциялық телеарнаның акционері болмағанын, қазір де акционер емес екенін айтқымыз келеді.  «КТК» АҚ акциялары коммерциялық емес ұйым – Нұрсұлтан Назарбаев Қорына тиесілі. 2017 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на берілген бағалы қағаздар дәл осы Қорға өткізілген болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті тіпті Қордың директоры да емес. Сондықтан жаңалықтарға назар аудартуға тырысқанда осы фактілерді ұмытпауды және оқырмандарыңыз бен жазылушыларыңызды кликбейт тақырыптармен адастырмауларыңызды сұраймыз. Сөздің реті келгенде айта кетейік, бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ. КТК телеарнасы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде