{metadescription}
Президент шет елдер басшылары мен қазақстандықтарға ризашылығын білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен қазақстандықтарға ризашылығын білдірді.
Фото: akorda.kz
20:35 28.10.2023
«Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, осынау қиын сәтте жылы лебіздерін жолдап, қолдау көрсеткен мемлекеттер басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!