Америкалық актер Мэттью Перри 54 жасында өмірден өтті
«Достар» телехикаясындағы Чендлер рөлін сомдаған танымал актер Мэттью Перри 54 жасында қайтыс болды.
Фото: TMZ
14:25 29.10.2023
Бұл туралы Лос-Анджелес полициясына сілтеме жасап The Los Angeles Times және TMZ басылымдары, сондай-ақ актердің өкіліне сілтеме жасаған NBC хабарлады.
Актер өлімінің ықтимал себебі - суға бату. Белгілі актер Калифорниядағы үйіндегі джакузиден табылды, деп хабарлайды The Los Angeles Times.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, 911 нөміріне қоңырау жергілікті уақыт бойынша 16:07-де түскен.
“Друзья” телехикаясынан басқа, Перри сонымен қатар “Тоғыз ярд” (“The Whole Nine Yards”), “Асықсаң - адамға күлкі боласың” (“Fools Rush In”) фильмдерінде, “Батыс Қанаты” телехикаясының бірнеше эпизодында, т.б. көптеген фильмдерге түскен.
2022 жылы Мэттью Перридің “Достар, сүйіктілер және бір сұмдық зат” (“Friends, Lovers, and the Big Terrible Thing”) кітабы жарыққа шықты. Онда актер өзінің ішімдікке қатысты проблемалары мен ауырсынуды басатын препараттарға тәуелділігі туралы баяндап берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!