Жүздеген адам әуежай маңына келіп, наразылық акциясын ұйымдастырды
Жексенбі күні Тель-Авивтен Махачкала әуежайына тұрақты рейс келіп тоқтаған әуежай орналасқан аумаққа жүздеген адам келіп, наразылық акциясын ұйымдастырып жатыр.
Фото: ТАСС
08:57 30.10.2023
Жиналғандар Палестина-Израиль қақтығысына наразы, деп хабарлайды Kazinform.
Әуежайдағы таблоға қарағанда, ұшақ Тель-Авивтен Махачкалаға жергілікті уақыт бойынша сағат 19:17-де келген. Наразылық білдірушілердің бір бөлігі ұшып келген рейстің жолаушыларын іздеп, халықаралық терминалға кіріп кеткен.
Оқиға орнында бірнеше полиция қызметкері жүр, олар наразылық білдірушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ ТАСС агенттігі Махачкала әуежайының жабылғанын хабарлады. Оған бөгде адамдардың ұшу алаңына өтіп кетуі себеп болған.
Росавиацияның хабарлауынша, ұшақтар қазір өзге әуежайларға жіберіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!