Өскемен тұрғыны өзін WhatsApp-та қорлаған танысын сотқа берді
Өскемен қаласының тұрғынын WhatsApp желісінде қорлаған адамға 5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: pixels
09:02 30.10.2023
Өскемен қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әйел адам WhatsApp желісіндегі топта өзін танысының қорлағанын айтып, сотқа шағым түсірген.
Белгілі болғандай, оған: «Сен, ұрлықшы, аузыңды жап. Өмір бойы ұрлап келесің, енді бірдеңе дегің келе ме?» деген хабарлама жіберген. Бұл хабарламаны топтың 93 мүшесі оқыған.
«Сот істі қарады. Талапкер судьядан жауапкерді ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты теріске шығаруға міндеттеуді сұрады. Сот оның бұл талабын қанағаттандырды. Сондай-ақ жауапкерге 5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!