{metadescription}
Астанада жарық сөніп қалғанда 72 жастағы кейуана өрттен көз жұмды

Астанада жарық сөніп қалғанда 72 жастағы кейуана өрттен көз жұмды

Кешегі электр жүйесіндегі ақау кезінде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде пәтерден өрт шығып, бір адам қайтыс болды. Мамандар өрттің себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

«29 қазаннан 30-на қараған түні сағат 00:22–де „101“ пультіне Манас көшесі, 3/1 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Ақпарат түскеннен кейін бір минут ішінде Астана қаласы ТЖД бөлімшесінің өрт сөндірушілері оқиға орнына аттанды. Олар 5 минуттың ішінде жеткен кезде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтердің 18 шаршы метрінде жиһаз бен үй заттары өртеніп жатты. Астаналық өрт сөндірушілер сағат 00.44-те өртті сөндірді. Үстіңгі қабаттардан 51 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 14 бала бар» деп жазады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртенген пәтерден 72 жастағы әйелдің денесі табылған.

«Өрт орнынан 1951 жылы туған әйелдің өлі денесі табылды. Өрт сөндіруге департаменттің жеке құрамынан 16 адам мен 4 техника қатысты. Өрт себебі анықталып жатыр», - делінген департамент дерегінде.

Айта кетейік, кеше түнде Астананың бірнеше ауданында жарық сөніп, салдарынан коммуналдық қызметте ақау пайда болған еді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.