Қор нарығында доллар бағасы құбылып тұр
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті.
17:21 30.10.2023
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 1,65 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 471,87 теңге болды.
Ұлттық банктің 30 қазанға белгілеген ресми бағамы: 1 долларға – 470,30 теңге, Ресей рубліне – 5,04 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 472,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 475,7 теңге.
Ал Астана қаласында 471 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 476 теңге.
Ресей рублі 4,95 – 5, 1 теңге аралығында құбылып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!