БҚО тұрғыны 10 күннен бері іздестірілуде
Батыс Қазақстан облысында балық аулауға кеткен ер адам 10 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
17:45 30.10.2023
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Казталов ауданы аумағында болды.
«Көршілес Жаңақала ауданының тұрғыны, 35 жастағы ер адам 20 қазан күні кешкісін «ВАЗ-2110» автокөлігімен шығып кеткеннен оралмаған. Көлік Казталов ауданы Қарасу ауылы мен Ащысай елді мекені арасындағы даладан табылды. Ол досымен бірге балық аулаған, кейін дүкенге кірген.
Қараөзенге жақын маңда іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған жедел құтқару жасағы (5 адам, 1 жүзу құралы, 1 техника), аудандық ТЖ (1 адам) мен полиция бөлімі (6 адам, 2 техника), жергілікті атқарушы орган мен тұрғындар (13 адам, 3 техника) жұмылдырылды. Кеше сондай-ақ тікұшақ та тартылды», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!