«Отис» дауылынан қаза болғандар саны 43 адамға жетті
Мексиканың Герреро штатында «Отис» дауылынан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті, тағы 36 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Фото: Синьхуа
18:37 30.10.2023
Бұл туралы штат губернаторы Эвелин Сальгадо мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Губернатор президент Андрес Мануэль Лопес Обрадормен телефон арқылы сөйлесіп, «Бұл әлі алдын ала деректер екенін» айтқан.
«Отис» дауылына қуаттылықтың 5-санаты берілген. Ол Герреро штатының Тынық мұхит жағалауына сәрсенбі күні төніп, үлкен залал келтірді. Әсіресе Мексиканың негізгі туристік бағыттарының бірі Акапулько шипажайы зардап шекті.
Президент тек Акапулько портында ғана құлаған 10 мың электр бағанының 3211-і қалпына келтірілгенін мәлім еткен.
Айтуынша, жанармай, дизель отыны мен тұрмыстық газ тәрізді отын түрлері уақытылы жету үшін Акапульконы электрмен қамтамасыз ету дүйсенбі кешке қарай толығымен қалпына келтіріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!