{metadescription}
Мемлекетаралық іздеуде жүрген қырғызстандық әйел Алматыда ұсталды

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қырғызстандық әйел Алматыда ұсталды

Алматы полициясы мемлекетке қарызы үшін іздеуде жүрген қырғызстандық әйелді ұстады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматының көші-қон қызметінің мәліметінше, М. есімді әйелге 2019 жылы Медеу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының талап арызы бойынша азаматтық іс жүргізудің қорытындысына сәйкес сот орындаушысымен мемлекетаралық іздеу жарияланған.

«Жақында тәртіп сақшылары М. есімді әйелді ұстады. Осы жолы ол Қазақстанда тұруға рұқсат алмақшы болған. Қазіргі уақытта ұсталған әйел атқарушылық іс жүргізу аясында шешім қабылдау үшін сот орындаушыларына берілді»,- делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде