Экс-депутат Әлтаевтің ісі жабық сот отырысында қаралатын болды
Бүгін Астанада Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігімен айып тағылған Нұржан Әлтаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы аяқталды.
18:53 31.10.2023
Отырыс барысында прокурордан қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы өтініш түсті. Оған себеп – іс бойынша куәгер өзінің және отбасы мүшелерінің өміріне белгісіз адамдардың тарапынан қауіп төніп тұрғанын айтқан.
«Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында сот прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды және қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы шешім қабылдады», - делінген сот мәліметінде.
Еске сала кетейік, биылғы 7 маусымда Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі).
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!