{metadescription}
«Өзенмұнайгаз» басқармасының кәсіподақ төрағасы Қуаныш Мамаев сотталды

«Өзенмұнайгаз» басқармасының кәсіподақ төрағасы Қуаныш Мамаев сотталды

Жаңаөзен қалалық соты «Өзенмұнайгаз» АҚ №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының кәсіподақ төрағасы Қуаныш Мамаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды Kazinform.

«Ол «Өзенмұнайгаз» АҚ №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының көлік жүргізушісін қызметтен босатпай, слесарь қызметіне ауыстыру үшін лауазымды адамдарға ақша беремін деген желеумен 1,5 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталды», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамұрайт Шаменов.

Сот шешімімен Қ.Мамаевқа 30 млн теңге соммасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.