Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты
Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі аумағында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Алау басылымы.
Фото: erg.kz
10:43 01.11.2023
Оқиға «ССГПО» АҚ аумағында болған. Бұл мәліметті кәсіпорынның баспасөз қызметі растады. Кеше WhatsApp мессенжерінде пайдаланушылар бір-біріне сурет таратты.
Онда Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірісінде жұмысшыны ток соққаны айтылады.
«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстары кезінде оқыс оқиға болып, мердігер жұмысшысы мерт болды. «ССГПО» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады кәсіпорыннан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!