Бір айда синтетиканы қолдан жасайтын бес өндіріс әшкереленіп, 300 келіге жуық есірткі алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы бірнеше операция өткізді.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
12:49 01.11.2023
Синтетикалық есірткіні қолдан жасайтын 5 өндіріс және каннабис өсіруге арналған бір фитолабораторияның заңсыз жұмысы әшкере болды.
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасының жолы кесілді.
Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.
Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсор тәркіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!