Алдағы күндері елімізде қар жауып, көктайғақ болады
Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 2023 жылғы 2 қараша мен 4 қарашас аралығында күн райы қандай болатынын айтты.
Фото: ашық дереккөзден
14:13 01.11.2023
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, барикалық түзілістердің жылдам ауысуынан республиканың солтүстік жартысында күн райы құбылмалы болады.
"Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжанды. Ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0+8°С-қа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Болжам бойынша, республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклонға байланысты күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
"Ауа температурасы түнде -3+5°C, күндіз +10+17°C-тан +15+20°C-қа дейін шамалы көтеріледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ түнде және таңертең республиканың барлық аумағында тұман түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!