{metadescription}
«Өскемен-Риддер» тасжолында жол апатынан екі адам көз жұмды

«Өскемен-Риддер» тасжолында жол апатынан екі адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Риддер» тасжолында жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazinform

Жол-көлік оқиғасы 1 қарашада облыстық маңызы бар «Өскемен-Риддер» тасжолының Глубокое ауданы Быструха ауылының маңында болған.

«ВАЗ 2107» және «ВАЗ 21010» көліктері соқтығысып қалды. Соның салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 2007 жылғы жасөспірім сол жерде тіл тартпай кетті. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде