Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу — бәрімізге ортақ міндет
Өзге елдер Түркі мемлекеттері ұйымының ұстанымдарына баса мән беретін болды. Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Фото: Ақорда
12:35 03.11.2023
«Өздеріңізге мәлім, осы күнге дейін біраз шаруа атқарылды. Нақты жетістіктеріміз бар. Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазіргі уақытта толыққанды, беделді халықаралық ұйымға айналды. „Түркі әлемінің келешегі-2040“ атты құжат бекітілді. Ең бастысы — бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ендігі мақсат — өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау екендігін баса айтты.
«Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болды. Сондықтан түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу — бәрімізге ортақ міндет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!