Тоқаев Түркия халқын 100 жылдық мерейтойымен, ал Әзербайжанды ел іргесін бекемдеуімен құттықтады
Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия халқын 100 жылдық мерейтойымен, ал Әзербайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтады.
Фото: Ақорда
12:20 03.11.2023
«Бауырым Режеп Тайип Ердоған мырзаға және барша түрік ағайындарға Түркияның 100 жылдық мерейтойы құтты болсын дегім келеді. Анадолының ғасырлық шежіресі биік белеске, зор жетістікке толы. Ұлы тұлғаларының арқасында бүгінде Түркия бүкіл әлемге ықпалы бар қуатты мемлекетке айналды. Сондай-ақ қадірлі Ильхам Гейдарұлы Әлиев мырзаны және Әзербайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтаймын. Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам БҰҰ-ның жарғысына және Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес жүзеге асты», - деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін ерекше алғысын білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!