Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттерінің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға шақырды
Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттерінің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға үндеді.
Фото: Акорда
13:18 03.11.2023
«Өкінішке қарай, қазіргі кезде халықаралық құқық нормалары бұзылып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстар, қантөгістер мен соғыстар орын алу үстінде. Осы орайда әр елдің қорғаныс мүмкіндігі оның қауіпсіздігінің негізгі кепілі саналады. Сондықтан менің ойымша, ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс, қауіпсіздікті сақтау, өнеркәсіп аясындағы ынтымақтастығы нығайтыла түсуі тиіс», - деді Әзербайжан Президенті.
Осы ретте Ильхам Әлиев Армения 30 жыл бойы Әзербайжан аумағын окупациялап келгендігіне назар аудартты.
«Ол жерде заңсыз «қуыршақ» режим орнатты. Этникалық тазарту жүргізіп, өңірден миллионнан астам әзержайжандық атамекенінен қудаланды. Қалаларымыз бен ауылдарымызды жермен-жексен етті. Мәдени және діни нысандарымызды бұзды. Жылдар бойы Әзербайжан бұл қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ұмтылды. Дегенмен, Армения мәртебесін сақтап қалуға тырысты. Әзербайжан өзін қорғау құқығын пайдалана отырып, БҰҰ жарғысының 51-бабына сәйкес Арменияны тізе бүктірді. Осылайша тарихи әділеттілікті және өзінің аумақтық тұтастығын қалпына келтірді», - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!