{metadescription}
Азамат Ағелеуов БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына басшы болды

Азамат Ағелеуов БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына басшы болды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Азамат Мұратұлы Ағелеуов Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Азамат Ағелеуов 1980 жылы дүниеге келген. 

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және менеджмент, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары, Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті қаржы басқармасының бастығы, Орал қаласы құрылыс бөлімінің бастығы болды.

Сондай-ақ Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, БҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары, «Ембімұнайгаз» АҚ инвестициялық талдау департаментінің аға талдаушысы, «Алтим» құрылыс фирмасы» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.

Тағайындауға дейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаны іске асыру және өңірлік даму департаментінің өңірлік жоба басшысы қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.