Ақмола облысында жоғалған студент қыз Астанадан табылды
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студент қыз бір тәуліктен кейін астанадан табылды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Polisia.kz
08:11 05.11.2023
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бойжеткенді облыс орталығы аумағынан бөлек, Астана қаласынан да іздеді.
— Тура бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары жоғалған студентті Астана қаласынан тауып, туысқандарына тапсырды, — деді ведомстводан.
Сонымен бірге, осыдан он күн бұрын, яғни қазанның 24-де үйінен кетіп қалған Қосшы қаласындағы мектептердің бірінің 14 жасар оқушысы да астанадан табылды.
Қыз бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген.
Бұл жолы ата-анасы 9 күн өткен соң барып полициядан көмек сұраған.
Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларына бақылауды күшейтуді және жоғалған кезде дереу полицияға хабарлауды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!