Шошқа фермасында жеті тонна есірткі сақталған бункер табылды
Бразилияның Парана штаты федералды және әскери полиция қызметкерлері заңсыз есірткі айналымымен күрес операциясы барысында ауылдық жерден 7 тонна марихуана, сондай-ақ винтовкалар мен оқ-дәрі сақталған бункерді тапты. Бұл туралы штаттың әскери полициясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: pixabay.com
10:33 06.11.2023
«Шошқа фермасы аумағында жер астындағы бункерден марихуанаға ұқсайтын есірткі табылды. Салмағы – 7235 кг. Сонымен қатар 7,62 калибрлі екі винтовка мен 5,56 калибрлі винтовка, сондай-ақ 7,62 калибрлі 257 оқ пен 5,56 калибрлі 400 оқ тәркіленді», - делінген Парана әскери полиция сайтындағы хабарламада.
Тексеру кезінде ферма аумағында адам болмаған. Бірақ қару оқталған, ал оқ-дәрінің бір бөлігі тактикалық сөмкеге салынған болып шықты. Сондай-ақ сол аумақтан табылған Toyota автокөлігі де федералдық полицияға берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!