«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты
«Қазақмыс» компаниясы Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Freepik
11:54 06.11.2023
Компания осы оқиға салдарынан тау кен шебері көз жұмғанын мәлім етті.
«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылы 05 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды.Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!