1 аптада елімізде 2 647 қылмыс жасалды
Еліміздің аумағында апта ішінде 2 647 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Kazinform.
12:59 06.11.2023
«Бір апта ішінде 2 647 қылмыс жасалды, оның 1 645-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 25 тонау және 318 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің бапасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Естеріңізге сала кетсек, мұның алдындағы аптада республикада 2 613 қылмыс жасалған болатын. Оның 1 602-сі тәулік ішінде ашылған еді. Полиция қызметкерлері 10 кісі өлтіру, 11 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын ізін суытпай анықтаған-ды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!